×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Үшеуіміз де сатқынбыз»: Бапи мен Зайытов түрмеде жазылған хат жайлы не дейді

27.12.2023, 14:15
Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналист Думан Мұхамедкәрім биыл маусымнан бері тергеу абақтысында отыр. Өткен айда ол өзі танитын депутаттар – Ермұрат Бапи мен Ринат Зайытовқа түрмеден хат жазған. Мәжілісмендер хаттан хабардар болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Не болды?

Әуелі журналист Думан Мұхамедкәрімнің депутат Ермұрат Бапи мен Ринат Зайытовқа жазған хаты әлеуметтік желіге тараған еді. 

«Ермұрат Бапи аға мен Ринат Зайытов бауырым! 

Үшеуіміз де сатқынбыз. Мен – билік үшін. Ал сіздер халық алдында сатқынсыздар. Егер бабаларымыз Қабанбай мен Қазымбет тіріліп келсе, қайсымызды қамшының астына алар екен?» - деп жазылған хатта.

Хатты расында да, Думан Мұхамедкәрімнің жазғанын әкесі Алмас Тілепов растайды. 

Хат бағытталған депутаттар не дейді?

Бұл хаттан Ермұрат Бапи да, Ринат Зайытов та хабардар екен. «Иә, ол хат бірінші өзімізге келді» дейді Зайытов. «Келісесіз бе?» деген сұраққа «келіспейтін жерлерім бар» дейді.

– Басында, Думанмен әңгімелескен кезде, қамалмай тұрып көп нәрсені талқылаған едік. Мен оған өз ойымды жеткізе алмадым, - дейді ол.

Ринат Зайытов Думан Мұхамедкәрімді «1997 жылдан бері танитынын, оның сөйлеу мәнерін, сөз қолданысын жақсы білетінін, хатты өзінше түсінетінін» айтады.

– Кейде адамға басқа ой салу үшін солай тікесінен қатты-қатты нәрселерді айтады. Бұрын да өзі ютуб-каналын жүргізіп жүрген кезде «мына жерде неге осылай айттың?» деген кезімде «аналардың әдейі ашуына тию үшін айттым» дейтін. Сондай стильде өзі. Бұрыннан журналистикадан бұрын сатираға жақын, сондай жігіт қой, - дейді Ринат Зайытов.

Ал Ермұрат Бапи хатты «Думанның пікірі» деп атайды.

– Оның не ойлап отырғанын, қандай мақсатта айтқанын білмеймін. Мен ол пікірге ешқашан келісе алмаймын. Ринат екеуміз көтеріп жүрген мәселеміз парламенттегі заңнамаларды дайындау мәселесіне де, депутаттық сауалда да халықтық, елдік, мемлекеттік мүдде деңгейіндегі тақырыптар. Сондықтан, Думанның долбары басқаша шығар. Мен ол пікірмен келісе алмаймын, – дейді ол.

Депутаттар жайлы

Депутат Ермұрат Бапи мен Ринат Зайытов 2023 жылғы 29 наурызынан бастап парламент мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ермұрат Бапи депутаттыққа дейін биліктің әрекетін ашық сынап, «ДАТ» қоғамдық-саяси газеттер жобасын құрып, оған басшылық жасаған. Ал ақын Ринат Зайытовтың елдегі саяси қозғалыстарға араласа бастаған тұсы – 2019 жылғы президент сайлауы кезі. Сайлауда Әміржан Қосановты қолдап, жеңілгеннен кейін Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрын басқарған. 2022 жылы «Аманат» артиясы атынан сайлауға түсіп, мәжіліс депутаты болды.

Думан Мұхамедкәрім жайлы

Ермұрат Бапи мен Ринат Зайытов қатысқан мәжіліс сайлауына журналист Думан Мұхамедкәрім де кандидатурасын ұсынған. Алайда кандидат ретінде тіркемеген. 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады. Журналист маусымнан бері тергеу абақтысында отыр. Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

Серіктес жаңалықтары