×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ұлттық ұлан сарбазының өлімі: тергеудегі тың деректер

25.10.2021, 14:20
коллаж: ulusmeda.kz

№5516 әскери бөлімінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасын күзететін бекетте тұрған мерзімді қызметтегі сарбаз қайғылы оқиғаға бірнеше минут қалғанда бірқатар адаммен телефон арқылы сөйлескен. Бұны ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеу бригадасы тіркеген. Егер сақшыға жарғы бойынша қызмет өтеу кезінде бекетте біреумен сөйлеспек түгілі дәретханаға баруға да тыйым салынса, оның қолында ұялы телефон қайдан жүр?

Ulysmedia.kz-тің күш ведомствосындағы дереккөзінің мәліметінше, қаза болған қатардағы сарбаз Сержан Оңғаров жедел қызметтегі 3-взвод 3-ротада гранат лақтырушы аға маман болған. Яғни, ол әскерге жаңадан келген адам емес еді. Ол атыс қаруын пайдалануды біліп қана қоймай, атудан чемпион әрі өз әріптестері арасында көшбасшы болған.

Атап өтсек, 21 қазанда түнде Теміртау қаласындағы №5516 әскери бөлімінде әскери қызметкер қаза тапқан болатын. Ол басын өзі жаралады деген болжам айтылды. Жедел жәрдем оны Теміртау қаласының ауруханасына жеткізді. Әскери қызметкер алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дегенмен сақшы тұрған бекеттен 5 гильза табылды.

Мерт болған 20 жастағы сарбаздың анасы ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Ол оны біреулер өлтірді деген сенімде.

Толық нұсқаны ulysmedia.kz материалынан оқи аласыздар.

Серіктес жаңалықтары