×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бізде таза, әділ сайлау өтпейінше, қоғамға керек билік болмайды - Ақберен Елгезек

Бізде таза, әділ сайлау өтпейінше, қоғамға керек билік болмайды - Ақберен Елгезек
Фото: сұхбат скрині

Белгілі ақын Ақберен Елгезек бұл туралы журналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

...Бізде таза, әділ сайлау болмайынша, қоғамға керек билік болмайды ғой. «Мемлекет халыққа жұмыс істеуі керек» деп айтады. Естуші мемлекет, көзі ашық мемлекет, тағы басқа... Өкінішке қарай, ол сезілмей тұр. Оны халықтан көреді. «Халық топас, түсінбейді, өйтіп жатырмыз, бүйтіп жатырмыз, түсінбейді» деп... Бірінші сөйлесіп көрсеңдерші. Қазір 90-жылдардағы емес, басқа қазақ қой. Бірін-бірі танымайды. Билік пен қазақ бір-бірімен қайта танысуы керек. Билік мұны түсінгенімен, қай қырынан келерін білмей жүр. Бір проблема бар, осыны біледі-ау деген адамдарды шақырған кезде олар жағымпаздықпен айналысып кетеді. «Мынау ақын ғой, жазушы ғой, сен халыққа жақынсың ғой, қазаққа не керек» деп сұраса, «ойбай, сіз керемет жұмыс істеп жатсыз ғой, сұмдық адамсыз, бізде бәрі тамаша» деп құртады ғой солар. Болмаса баласы үшін бірдеңе сұрайды. Биліктегілер де «интеллигенцияның түрі мынау ма» деп қолын бір сілтейді. Ол рас! Интеллигенция өз шаруасымен айналысуы керек, - деді ол.

Осы тұста тележүргізуші «Саяси бәсеке болмағаннан деп ойлаймын да мен. Бір-біріне оппозиция болатын саяси партиялар жоқ, сосын айналып келіп өнер, мәдениет, әдебиеттің адамдары айтуы керек сияқты да...» - деді.

Бізде Парламент сайлауы болса, ақындарды, жазушыларды, спортшыларды шақырады ғой. Парламентте денсаулық сақтау, білім беру, экономика саласының профессионалдары отыруы керек қой. Өзі сайланбағасын айтып отыр деуі мүмкін. Олай емес. Маған да үш рет ұсыныс жасалды. Мен ақынмын, менің миссиям бөлек. 5 жылымды ол жерде жоғалтқым келмейді... - деді Ақберен Елгезек.