×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Балалар шетелге «тірі донор» ретінде сатылған болуы мүмкін - Қымбат Досжан

Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі тележурналист Қымбат Досжан 2000-жылдары сәбилердің жаппай сатылуы ағзалары үшін болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Балаларды Африка елдеріне берген жоқпыз – ресми өкіл сенатордың сөзін жоққа шығарды

Қазақтың қанының тазалығы бала асырап алудағы ең басты критериі екен ғой. Дархан Қыдырәлі мырза айтпақшы, лай су ішіп, қара нан таппай жүрген Оңтүстік Африкаға, Кенияға балаларымызды асырып жіберетіндей басымызға не күн туды? Масқара ғой. 30 баланың ізі де жоқ. Оларды тірі деп ойламаймын. Шырқыратып екпе салып, қатыра салған шығар деп ойлаймын. Неге біз Израиль болсын, Германия болсын, бұл елдерде адам ағзасының банкі мықты дамыған деп айтамыз. Олар да кейін дамыған үшінші, төртінші елдер дейді ғой, мүмкін солардың балаларын алатын шығар.   Кениялықтар біздің балаларды алып, соларға сатып жіберген шығар. Неше түрлі ой келеді, - дейді журналист «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында.

«Арқалықтағы Балалар үйінің қызметкерлері бума-бума доллармен жүрген»

Сондай-ақ ол сұхбат барысында белгиялық әйел асырап алған Жәнібектің оқиғасына қатысты тағы бір деректің ұшын шығарды.

Қымбат Досжанның айтуынша, Арқалық қаласындағы Балалар үйінің қызметкерлері бума-бума доллар ұстап жүрген.

«Ел құлағы - елу», халықтың аузына қақпақ бола алмайсың ғой. Маған жазғандар болды, келіп айтқандар да болды. Халықтың жады өшпейді. Сол кездегі Балалар үйінің қызметкерлерінің қолында пачка-пачка ақша жүрген. 2000-жылдардың басында саудагерлер базарда тұрғанда бағасына қарамай киім-кешек, тамақ сатып алып жүрген, - дейді журналист.

Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан

Тележүргізуші Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқанын айтады. Оның анасы табылған.

«Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары