×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ауғанстан Qazvak вакцинасын жеткізуді сұрап отыр

26.10.2021, 09:17
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы үкімет отырысынан кейін журналистерге сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Ауғанстанда жаңа үкімет Талибан қозғалысымен орнатылған. Бұл үкімет халықаралық деңгейде әлі қабылданған жоқ. Сондықтан әзірге қайтадан сауда немесе инвестициялық жобаларды қайта бастау үшін ең алдымен үкіметтің, әрине, халықаралық деңгейде БҰҰ қауіпсіздік кеңесімен мойындалуы керек. Дегенмен экономикалық дағдарыс болмау үшін біз оларға гуманитарлық көмек және сауда жағынан бизнес қатынасты орнату негізінде қолдауды жөн көреміз», - деді Мұхтар Тілеуберді үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, қазір Талибан БҰҰ-ның террористік ұйымдарының тізімінде тұр.

«Ауған үкіметінің халықаралық шоттары бұғатталған. Егер экономикалық коллапс болса, онда бұл терең гуманитарлық дағдарысты туғызады. Мұның арты діни экстремизмнің таралуына, есірткі саудасының өсіміне және босқындардың көбеюіне апарып соғуы мүмкін. Сол себепті бұған жол бермес үшін халықаралық қауымдастықтың бәрі ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырып отыр. Сол себепті Қазақстан 5 мың тонна ұн түрінде гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Әлбетте, бұл елмен сауда-экономикалық байланысты да нығайту керек. Қазір саяси келіссөздер туралы сөз қозғалып отырған жоқ (Талибан ұйымымен – авт.) Ең алдымен, ауған халқына көмек көрсету мәселесі қаузалып отыр. Ауған тарапы гуманитарлық көмекті Qazvak күйінде жеткізуді сұрады», – деді Мұхтар Тілеуберді. 

Оның айтуынша, Ресей тарапы қазір Талибан ұйымын террористік ұйымдар қатарынан алып тастау мәселесін көтеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары