×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақ 40 жаста өлімді ойлайды – Лондонда оқып жатқан Айгүл Иманбаева

26.01.2024, 10:01
Фото: ашық дереккөз

Бүгінде Лондонда арт-менеджмент мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан танымал әнші Айгүл Иманбаева қазақ 40 жасқа келгенде өлім туралы ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Менің мұғалімімнің жасы 43-те, маған «үйленуге әлі дайын емеспін» деп айтады. Бізде бұл жастағылар өлуге дайындалады. 35 жаста кәрі, 45-те оқуға барса «не үшін оқып жатырсың, керегі не, қартайдың ғой» деген сөздер айтылады. Түсінгенім, биологиялық жастың өлшемі біздің миымызда екен. Біздің ұлттың жасы 70-80 жастан аспайтыны осы өлшемнің кесірінен шығар деп ойланамын кейді, - дейді әнші.  

Оның айтуынша, адамда ынта болуы керек.

«35 жастамын, оқуға кеш пе?» деп сұрағанда тіптен таңғаламын. Қорықпай, әрекет еткен шәкірттерім қазір АҚШ, Англия, Еуропада грантта оқып жатыр. Ал ойланып, қорқып жүргендер әлі жүр… - дейді Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары