×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Дінім үшін өлтіремін және өлемін – «Дикий Арман»

Коллаж Ulysmedia

Әлеуметтік желіде атышулы Арман Жұмагелдиев - «Дикий Арманның» сот отырысы кезінде судьяға қарата айтқан былапыт сөзі тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кімде-кім менің дініме қол тигізсе... Мен дінім үшін кез келген адамды өлтіремін. Менің дініме ешқашан қол тигізбе. Дінім үшін өлемін де, өлтіремін де. Мені түсінесің бе, шайтан?! – деп айғайлайды Арман Жұмагелдиев.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасына қатысқан Арман Жұмагелдиев қамауға алынған болатын.

Ол 2022 жылы 7 қаңтарда Алматыда арнайы операция кезінде ұсталған. Арман Жұмагелдиев қалада қақтығыстар болып жатқан кезде әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда ереуілшілерге басу айтпақ болғанын жеткізді. Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал ол Түркияның Стамбул қаласында тұрып келген.

«Президент халыққа әңгімелесейік деп тұр»

Арман Жұмагелдиевтің қасында бір топ жігіттен бөлек Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайбергенов те болды.

Қазір Президент халыққа әңгімелесейік деп тұр. Оған нақты ұсыныс айтуымыз керек. «Шал, кет» деген Аблязовтың ұраны, бұл – халықтың талабы емес. Халық мемлекетпен диалог болғанын қалайды, - дейді Арман  видеода.

Кейін ІІМ «Дикий Арманның» қылмыстық тобының 80-нен астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді.

Мәселен, 19 сәуірде Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда болған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды. Екінші кезеңде криминалдық ортада «Карась» лақап атымен белгілі «Дикий Арманның» тағы бір көмекшісі бақылайтын ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыру арнасы жойылды. 25-26 сәуір аралығында Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында 130-дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз ойын бизнесіне және аталған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға қатысы бар 53 фигурант ұсталды. Осы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Мамыр айында қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 266-бабымен қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

«Кінәсіздік презумпциясы бұзылды»

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің қылмыстық ісі сотқа түсті. Осыған байланысты айыпталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады.

Адвокат Рена Каримова сот талқылауы барысында Арман Жұмагелдиевтің қалай ұсталғанын және оның азапталуын бірінші орынға қоятынын айтты.

Айыптау актісіндегі кейбір тұстар менің басыма сыймайды. Іс сотқа жіберілгеннен кейін БАҚ-та біз өз қорғауымыздағы азаматтар туралы көптеген жағымсыз жарияланымдарды көрдік. Тергеу аяқталған кезде Арман Жұмагелдиев өз істерін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдірді. Арман тек басбұзарлықпен айналысқан қарақшы және қылмыскер ретінде ұсынылған. Бұл іске қатысты баға беріліп қойды! Барлық ақпарат тұжырым ретінде беріледі. Ұрлады, тонады, бүлінгеннен бүлдіргі алды. Мұндайға жол беруге болмайды. Кінәсі сотта дәлелденгенге дейін ешкім кінәлі деп танылмайды. Кінәсіздік презумпциясы бұзылды, - деп атап өтті Каримова.

Айтпақшы, Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев елдегі атышулы сот ісіне куәгер ретінде шақырылды.

1 маусымда Сағынтаев Қазақстан атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалған.

2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Сағынтаев Алматы әкімі болды. Қаңтардағы оқиғалардан кейін қазақстандықтар оны отставкаға жіберуді талап еткен еді.

Арман Жұмағелдиев, Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов және басқа да айыпталушылардың сот процесі 21 қыркүйекте жабық режимге ауыстырылған еді. Істе «құпия» деген белгімен өтіп жатқан, бірақ соған қарамастан өз өмірлерінен қорқатын жәбірленушілердің өтінішін судья бірнеше күн бойы қарады. Айыпталушылардың бірі — ҰҚК 5-ші департаментінің басшысы Руслан Ысқақовтың мәлімдемесінен кейін бақылаушылардың ешқайсысы сот залы жабылатынына күмәнданбаған.

«Мен шындыққа мүдделімін»

Еске сала кетейік, ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген болатын.

Күні кеше Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғаларына байланысты шын-өтірікті анықтайтын детектор қолдануды сұрады.

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты, ал қазір Қаңтар оқиғалары бойынша сотталушы Қайрат Құдайбергеннің парақшасында өтініші пайда болды. Онда ол тергеу органдары шындықты анықтау үшін полиграфты пайдаланудан бас тартқанын жазады.

Өйткені оларда жасыратын нәрсе бар, ал менде жоқ. Мен шындыққа мүдделімін. Президент Тоқаевты қасақана алдап, оған жалған ақпарат беріп, қорқақтығын жабу үшін бірнеше рет жаңылыстырып отыр, – дейді ол.

Қаңтар оқиғасы демекші, Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметі ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын.

Тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілген. Іс сотқа жіберілді.

Самат Әбіш Қазақстаннан ешқайда шықпау жөнінде қолхатпен жүр. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады. 

«Самат Әбіш бұйрық берді»

Былтыр қыркүйекте бас прокуратураның арнайы прокурорлары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған еді. Ол тұста құзырлы орган «тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты» деп мәлімет таратқан.

Көп өтпей ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Самат Әбіштің бұйрық бергенін мәлімдеді. Полковник Ысқақов өзінен жауап алғаннан кейін бір жарым жылдан соң оның жауаптары құпияландырылғанын айтты. Жауаптарының құпияландырылуын Руслан Ысқақов Самат Әбіштің рөлін жасырып қалу үшін жасалғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары