×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан бұзақы неше жылға сотталуы мүмкін

Қоғамда үлкен резонанс тудырған Қарағандыда болған оқиға бойынша облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығып, екі айға қамалған Нұрболат Дәкебаевтың жазасы жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер органдары Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдіктінің үстінен алғашында бұзақылық мақсатында денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2024 жылғы 1 ақпанда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің жарақаты жеңіл дәрежеде екенін анықтады, - делінген Қарағанды ​​облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдіктінің әрекеті бұзақылық санатына жатқызылған.

21 ақпанда қылмыстық іс айыптау актімен прокурорға жіберілді, ол шешімнің заңдылығын тексеріп, күдіктіні сотқа берді, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 4 ақпанда Қарағанды ​​сотының шешімімен Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынған болатын. Жүргізушінің өзі бұзақыны кешіргені туралы бейне хабарлама жасағанына қарамастан, бұл татуласу белгісі ретінде ғана бағаланды.

Ол жедел жәрдем жүргізушісін ұрған соң бірден қашып кеткен. Оқиға 27 қаңтарға қараған түні болған. Артынша ол іздеуде жүргендердің тізіміне енгізілді.

Нағыз қаныпезерлік

Осы оқиға қоғамды дүрліктіргенде депутаттар да пікір білдіріп, бұзақыны ел алдында қатаң жазалау керек екенін айтқан еді. Мәселен, депутат Елнұр Бейсенбаев Дәкебаевтың әрекетін әбден шектен шыққандық деп бағалаған.

Құқықбұзушы Нұрболат Дәкебаевтың бұл әрекеті – жәй ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық, не істей аласың деген дөңайбат.

Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқанын біліп тұрса да, ешқандай айылын жимай жұдырық сілтеп, қызметтегі адамды қанға бөктіруі – әбден шектен шыққандық, нағыз қаныпезерлік.

​1 жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін, ашықтан-ашық, куәгерлердің көзінше ұрып-соғу не деген сұмдық? - деді ол.

Сондай-ақ бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам жазалануы керек деп есептейді. Оның айтуынша, Сенатқа еніп кеткен денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасына қызмет бабындағы медицина қызметкерлерін қорғайтын қосымша норма енгізу керек. 

Жұмыс бабындағы медицина қызметкеріне агрессия көрсеткен, ұрған жағдайдағы қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек. Сонда әрине, менің ойымша, осындай жағдайлар азаяды. Кешегі болған жағдайлар тек бұзақылық. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі болсын, мейірбике немесе дәрігер болса да, басқа пациенттерге көмек көрсетіп жүрген адам. Оны ұрып құлатқаннан кейін ол жағдай әрине, басқа азаматтарға әсер етеді. Сол себепті жауапкершілік жоғары болуы тиіс, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары