×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан ата-аналар одағы отбасында болатын ұрып-соғу үшін жазаның қатаңдатылуына қарсы шықты

Қазақстан ата-аналар одағы отбасында болатын ұрып-соғу үшін жазаның қатаңдатылуына қарсы шықты
Фото: shutterstock.com

«Қазақстандық ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұрып-соғу туралы бапты ҚР Әкімшілік кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстыруға қарсы болып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық Ата-аналар одағының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Эвелина Мадзигон Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылықты қатайтатын заңдарға түзетулерді мақұлдағанын айтты.

Бүгінде дейін Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және жеңіл зиян келтіру баптарын ауыстыруды көздейтін заң жобаларын мақұлдады. Баптың диспозициясына сүйене отырып, ұрып-соғудан көгеру немесе денсаулыққа зиян келтіру білінбейді. Негізінде олардың бар-жоғын дәлелдеу мүмкін емес. Сонда неге мұндай ауыр жаза? - дейді ол.

Ақпан айында Мәжіліске әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасы ұсынылды. Одан кейін депутат Жұлдыз Сүлейменова 2017 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыссыздандырылғанын, қазақ отбасыларындағы жантүршігерлік және атышулы кісі өлтіру мен ұрып-соғу осы қылмыссыздандырудың салдары екенін түсіндірді. Ұрғанға, педофилдерге де жаза қатаңырақ болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Мәжіліс депутаттары осы ретте Үкіметке нақты ұсыныстарын жолдаған еді. Сондай-ақ олар «Қаншама әйелдің тағдырының сынғанын күтеміз бе» деп Үкіметке шүйліккен

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын. 

Бас прокуратура Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялаудың қажеті жоқ екенін, қайта әкімшілік жазалардың әсері көп екенін мәлімдеген. Сонымен қатар Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева былтыр елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен жеті бала қайтыс болғанын айтты.

Ал депутат Ермұрат Бәпи «Заң, заң деп әкелерді сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба» деп, «Отағасы туралы» заңды қабылдауды ұсынды. Алайда әріптесі Асхат Аймағамбетов бұл заңды қолдамайтынын айтты.