×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Заң, заң деп әкелерді сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба»: депутат «Отағасы туралы» заңды қабылдауды ұсынды

21.02.2024, 10:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Ермұрат Бапи әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасын талқылау барысында тың ұсыныс білдірді. Ол заң жобасын қорғаған әріптесі Жұлдыз Сүлейменоваға «Отағасы туралы» заңды қабылдауға қалай қарайтынын сұраған. Бапидің бұл ұсынысын басқа депутаттар қошеметпен қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі «Әкең келсін, сазайыңды береді» деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыда келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін, бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Сүлейменованың жауабы

Десе де, Жұлдыз Сүлейменова бұл заңда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау көзделгенін, десе де Отағасы туралы заң шықса, оны бірінші қолдайтынын айтты.

– Әке– асқар тау. Қазақтың отбасы институтында әкенің орны ерекше. Әкемен бәрі байланысады. Бірақ бұл заңда бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелге жасалған озбырлыққа тосқауыл қоятын заңды көздеп отырмыз. Мен де ұлдарымыздың болашағы жайлы ойларым бар. Ел болашағын ұлдың болашағымен байланыстырған елміз. Бірақ Конститутяда ер мен әйел бөлінбейді. Қол шапалаққа байланысты бұл – бүкіл елдің сұрағы ғой. Жалпы әкелердің рөлін, отбасындағы жауапкершілігін, ерекше орнын белгілейтін заң қажет болса бірінші болып қабылдауға өзім де атсалысқым келеді, – дейді Сүлейменова.

 Депутат дегенмен бүгінгі заң жалпы бүкіл азаматтарға қажет екенін айтады. 

– Қоғам жаза күшейгеннен кейін жұдырық ала жүгірер алдында ойланар. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алуды көздейді, – дейді ол.

Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  • суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары