×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жыланбаев түрмеде заң бұзғаны үшін отыр – мәжіліс төрағасы Қошанов

13.03.2024, 14:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Қазақстанда саяси тұтқындардың саны неге көбейіп барады?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер президент жариялаған "Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан" концепциясына қарамастан, елде не себепті саяси тұтқындардың саны көбейіп бара жатқаны жөнінде сұрақ қойылды. Бұл ретте журналистер Марат Жыланбаевты, Думан Мұхамедкәрім мен Нұржан Әлтаевты атаған. Оларды адам құқығын қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған.

– Менің ойымша, заң алдында бәрі бірдей – заңды бұзған адам жауапты болуы керек, - деді Қошанов.

Журналистер бүкіл әлемге әйгілі марафоншы, тіркелмеген "Алға Қазақстан" партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың түрмеде не үшін отыр деп сұрағын нақтылады.

– Біз бұл процестерді білеміз, тергеу барысында бәрі айтылды. Ол заңды бұзғаны үшін отыр, - деп қысқаша жауап берді мәжіліс спикері.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған. 

Былтыр қарашада тіркелмеген “Ел тірегі” партиясының жетекшісі, бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. 

Ал Думан Мұхаммедкәрім 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда отыр. Оның ісі бойынша әлі сот шешімі шыққан жоқ.

Серіктес жаңалықтары