×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Марат Жыланбаевтың апелляциясы бойынша сот шешімі шықты

19.01.2024, 11:46
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана қаласының қалалық соты тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясының көшбасшысы Марат Жыланбаев апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот шешімі

Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымын қарау жабық режимде өтті.

Сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, деп хабарлады корреспондентке Ulysmedia.kz оппозицияның адвокаты Мейіржан Досқараев.

Осылайша үкім өзгеріссіз қалды.

Үкім қандай еді

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Марат Жыланбаевты былтыр қарашада жеті жылға соттаған еді. Белсендіге “тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты” және “терроризмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.

Жыланбаев әлемге танымал марафоншы

Марат Жыланбаев– қазақстандық марафоншы. Кейінгі кезде елдегі саяси оқиғаларға араласып, сайлауға да түспек болған. Партиясын белсенді тіркей алмады.

Ол әлемдегі ең үлкен шөлдерді жалғыз жүгіре алған жалғыз адам. 2022 жылы "Ар-Бедел" қоғамдық қоры белсендінің сөздерінен кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы іс бойынша Жыланбаевты сотқа берген. Жыланбаев ол сотта жеңген еді.

Серіктес жаңалықтары