×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Шаруаң болмасын!»: Сағынтаевтың жүргізушілері жол ережесін бұзды

30.10.2021, 13:32

Алматы қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік көліктердің жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзып жүр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы YouTube желісіндегі Live Kz парақшасында жарияланды.

«Баршаңызға сәлем! Біз Алматы қаласы әкімі аппаратының қасында тұрмыз. Біздің мақсат – мемлекеттік мекеме алдындағы автотұрақ маңын тәртіпке келтіру. Мысалы, мына жерде көлік қоюға болмайды деген жол белгісі тұр, бірақ қаншама көлік тұр», - дейді блогерлер.

Олар көлігін өзге көліктің дәл алдына қойып, өзге көліктердің жүріп-тұруын бөгеп тұрған көліктің жанына барды. Анықталғандай, ол қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың көлік жүргізушісі болып шықты.

- Сәлеметсіз бе! Сіз жүргізушісіз бе? Сізбен сөйлесуге бола ма?

- Жоқ!

- Жақсы, онда 102 қызметін шақырамыз.

- Шаруаң болмасын, жұмыс бойынша жүрмін.

Блогерлердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан жүргізуші көлікке отырып, кетіп қалды.

«Халықтың ақшасына көлік алып, «Шаруаң болмасын!» дейді. Шенеуніктер өздері орындай алмайтын ережені қарапайым халықтан қалай талап етеді?», - дейді блогерлер.

Серіктес жаңалықтары