×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Атырау облысында атыстан жарақат алған үш жігіттің жағдайы ауыр

31.10.2021, 16:16
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысындағы атыстан жарақат алып, ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылы маңындағы атыстан жарақат алып, облыстық ауруханаға түскен үш адамның жағдайы орташа ауыр және ауыр деп бағаланып отыр.

«Облыстық ауруханаға 1985 жылы туған үш ер адам түсті. Оның біреуіне ашық бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Науқастың миы орташа ауыр жағдайда. Сол жақ көзінде ауыр, денесінде көптеген жарақаты бар. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланған. Екінші науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Миында жеңіл дәрежедегі контузия, денесінде көптеген жарақат анықталды. Сол жақ қолтық тұсы тілінген. Науқастың жағдайы орташа ауыр. Екі науқас та нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Үшінші науқастың кеудесінің жоғарғы бөлігінің жасушалары, қолдары мен басы, беті жараланған. Сол жақ көзі көгерген. Бұл науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін оқиға 30 қазан күні кешкі жеті жарым шамасында Сағыз ауылы маңында болғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары