×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атырау облысындағы атыста бір адам көз жұмып, бес адам жараланды

31.10.2021, 09:32
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Атырау – Ақтөбе тас жолында атыстан алты адам жараланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

azh.kz-ның мәліметінше, оқиға сенбі, 30 қазан күні кешкі жеті жарым шамасында Сағыз ауылы маңында болған.

Полицияның хабарлауынша, бастапқыда алты адамның жараланғаны хабарланды. Олар Сағыз ауылының дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Кейін 36 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Полиция департаментінің болжамынша, атысқа ауыл тұрғындары арасындағы жанжал себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнына Атырау облысы ІІД-нің тергеу-жедел тобы жұмылдырылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары