×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Пачақ-пачағын» шығарып...»: Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаевтың сотына қатысты өз ойын білдірді

Коллаж: Ulysmedia

Танымал тележурналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді. Ол қыз тағдыры ойыншық емес екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүйкемізді тоздырды. Кешегі сотты көрмеген, «Құдай сақтасын» деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде… Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да , түсінбей де, «қорыта» да алмай келе жатыр. «Пачақ-пачағын» шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір заңсыздыққа жол берілгенін (заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр, – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: «Салтанат көңілдесі болған»: Бишімбаевтың мәлімдемесіне Райымбек Баталовтың әйелі жауап берді

Тележүргізушінің айтуынша, соттың әділ, соңғы шешімін күтудің өзі қиынға соғып барады.

Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты… Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқанды болу, бейтарап танытып, соттың әділ, соңғы шешімін күтудің өзі қиынға соғып барады. Қыз тағдыры – ойыншық емес! – деді продюсер. 

Серіктес жаңалықтары