×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"24 сәуірде әйелді ұруға болады": ІІМ желіні шулатқан тиктокерлерді анықтады

16.04.2024, 19:57
Коллаж Ulysmedia

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған "Зорлау күніне" қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қалай болды?

Бұған дейін Тик-ток және басқа да әлеуметтік желілерде  24 сәуір Халықаралық зорлық-зомбылық күні болып танылатыны туралы ақпарат тараған. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады деп жазылған. ІІМ ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін хабарлады.

ІІМ мәлімдемесі

- Қазіргі уақытта “24 сәуір” туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, – делінген ведомство хабарламасында.

Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары