×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Имамды жауапқа тарту дұрыс емес – дінтанушы Бишімбаев пен Нүкенованың некесі жайлы

Имамды жауапқа тарту дұрыс емес – дінтанушы Бишімбаев пен Нүкенованың некесі жайлы
Коллаж Ulysmedia

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиямын деп ҚМДБ тарапынан жазаға тартылған имамның әрекетін жақтап, мұны кісінің наным-сеніміне жасалған қысым екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның пікірінше, АХАЖ-ға тіркелмес бұрын діни неке қиюға шектеу қою – қисынсыз.

Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, діни некенің заң тұрғысынан ешбір салмағының жоқтығы бәрімізге белгілі жәйт. Діни неке сәбиге ат қою, жаназа шығару сияқты бар болғаны дәстүрлі құндылық, рухани жауапкершілік, діни рәсім. Ол әр адамның сенім мәселесі. Ал енді құқықтық тұрғыдан еш салмағы жоқ рухани құндылыққа қандайда бір шектеу қою, діни қызметкерлерді ол үшін жауапқа тарту Ата заңда қорғалған кісінің наным-сеніміне қысым жасауға жатады.

АХАЖ-ға тіркелмес бұрын діни неке қиюға шектеу қою қисынсыз. Егер бұл рухани құндылыққа әлгіндей шектеу мен талап қоятын болсақ, онда АХАЖ-ға тіркелмес бұрын келін түсіру, беташар жасау, үлкендердің бата беру сияқты әрекеттеріне де, бүгінде кең етек алып бара жатқан азаматтық некеге де шектеу қойып, жауапқа тартуымыз керек болады, - деді дінтанушы.

Оқи отырыңыз: Бишімбаев пен Нүкеновадан некелесу кезінде куәлік талап етпеген имам жазаланды

Қайрат Жолдыбайұлы егер шын мәнінде діни некені қидырамын деген кісі қажет болса оны имамдарсыз-ақ жасай беретінін айтты.

Мәселе некені қиюда емес, діни некеге ниетті кісілердің заңда көрсетілген жасқа жетіп-жетпегені, өз еркімен қидырып-қидырмағаны болуға тиіс. Сондай-ақ жауапкершілік те өздерімен ғана шектелуі керек.

Түрлі теріс ағамдырдың қате әрекеттерін реттеу үшін діни құндылықтарға әлгіндей қисынсыз талап қою яки имамдарды сол үшін жауапқа тарту дұрыс шешім емес. Шын мәнінде діни некені қидырамын деген кісі қажет болса, оны имамдарсыз-ақ жасай береді. Қырғызстан секілді жақын шетелге асып, яки сол жақтан біреуді шақыртып та қидыра салады, - деді ол.