×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Смағұлов үшін емес – Мырзахметов сауда үйлеріне неге араша түскендерін айтты

11.11.2021, 15:34

«Атамекен» палатасы сауда үйлерінете тек «жасыл» статусы бар тұрғындарды кіргізу туралы ұсынысқа неге қарсы шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Baigenews-ке сұхбат берген Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кейбір адамдар «Атамекен» Mega қожайыны Нұрлан Смағұлов үшін күйіп-піседі деп қате түсінетіндерін айтады. Шын мәнінде сауда үйлерінде орналасқан жүздеген кәсіпкер палатаға шағымданған.

«Егер оларға тағы соққы жасасақ, келушілер мен кірісті 20-30% жоғалтады. Бізде Нұрлан Смағұловтың үлкен Ойын-сауық орталығы бар оған «Атамекен» болысып жатыр деп үдеткенді жақсы көреді. Иә, ол әлеуметтік жауапкершілікті сезінетінн бизнесмен. ОСО-да жеке кәсіпкерлер отрады, кофеханалар, бутик, дүкен, шаштараз, ойын автоматы міне солар ғой табыстан қағылатын. Олар жалға алу ақысын өтей алмай қалады. Бізге осылар шағымданатын. ОСО қожайындары да зардап шегетіні түсінікті» - деді ол.

Еске салсақ, 8 қарашада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы астана әкімдігінің вакцина салдырмаған қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салуына қатысты бастамасына қарсылық білдірді. Ертесіне эпидемиологиялық қызмет «көк» мәртебелі азаматтар да сауда орталықтарына еркін кіре беретіні туралы мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары