×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Отбасындағы «тиранды» 30 тәулікке үйден қуу жағдайды құтқармай тұр

15.11.2021, 11:07
Фото: Ашық дереккөзден

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың елде азаятын түрі жоқ. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша 2021 жылдың өзі басталғалы бері полицияға қылмыстың осы түріне қатысты 125 мың арыз бен хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ЗАҢҒА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ?

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Жасұлан Байкеновтың айтуынша, министрліктің бастамасымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу туралы» туралы заңнамаға біршама өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамды қорғау нұсқамасы 10 тәуліктен 30 тәулікке дейін ұзартылған. Құқықбұзушыға отбасы мүшелерімен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынған. Ал егер ол қорғау нұсқамасының талаптарын бұзса, оған ескерту жасалады немесе ол бес тәулікке дейін қамалады.

Одан бөлек сот шешімімен отбасылық жанжал шығарушыны үйден 30 тәулікке дейін уақытша шығару мүмкіндігі (басқа тұрғын үй болған жағдайда) енгізілген. Сот сонымен қатар отбасылық жанжал шығарушыларға алкогольдік ішімдік пен есірткі түрлерін пайдалануға (3 айдан 1 жылға дейін) тыйым сала алады.

АЙЫППҰЛ ЕСКЕРТУГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Отбасында жанжал шығарған адамға полиция «ескерту» береді қазір. Өйткені айыппұл жалпы отбасылық бюджетке жүктеме болатыны ескерілген. Сонымен бірге, сот құқық бұзушының жеке басын және істің мән-жайларын ескере отырып, ескертудің орнына оны дереу қамауға алуы мүмкін. Соттың тараптарды татуластыру және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылдаудағы өкілеттігі кеңейтілген. Сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік енгізілген. Егер бұрын татуласу рәсімі әкімшілік іс жүргізудің кез келген сатысында өтсе, қазір медиация кезеңінен өтіп, тек сотта татуласуға болады.

Бұдан басқа, соттарға өз бастамасы бойынша тұрмыстық құқық бұзушылықтарды қарау кезінде құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу құқығы берілген (бұрын тек әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың өтініші бойынша). Сот белгілеген шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке жүтейді.

...ДЕСЕ ДЕ, ЗАҢ ҚАЙТА ЖЕТІЛДІРІЛМЕК

«Бірақ полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарымен әлі де бетпе-бет келетінін мойындау керек. Тек санкцияларды күшейту арқылы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін емес. Зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, құқық бұзушылармен де оңалту және психо-түзету жұмыстарын жүргізе отырып, репрессивті бағыттан әлеуметтік бағытқа баса назар аудару қажеттігі объективті түрде пісіп-жетілді», - дейді Жасұлан Байкенов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта депутаттық корпус «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Отбасы институтын нығайту мәселелері» бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық еткен. Заң жобалары шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары