×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Орынбасар мен аппарат басшысы 55 мың теңгемен құтылды

12.07.2024, 23:56
Орынбасар мен аппарат басшысы 55 мың теңгемен құтылды
ашық дереккөз

Аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Шенеуніктер әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасқан, кейін ол төбелеске ұласқан.

Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.

Сотта жанжалдасқандар кінәларын мойындамады.

Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді сот.