×
464.71
531.26
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.71
531.26
6.05

Шымкентте әйелді қорғауға араша түскен жас жігіт соққыға жығылды

Бүгін, 18:25
Шымкентте әйелді қорғауға араша түскен жас жігіт соққыға жығылды
әлеуметтік желі

Жәбірленушінің туыстары оның жақ сүйегі, мұрны мен тісі сынғанын айтып, медициналық сараптама қорытындысына күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамның соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, ол әйелге араша түскені үшін соққыға ұшыраған. Қазір отбасы бұл істі бақылауға алуды сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Туыстарының мәліметінше, жәбірленушінің жақ сүйегі сынып, мұрны мен тісі зақымданған. Оған бірнеше операция жасалған.

– Бұл – менің ең жақын әпкемнің жалғыз ғана баласы ғой. Өзі аңғал, аңқау, ақкөңіл. Арсылдап бара салған ғой. Әпкем жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр болып, зарлап отыр. Бар болғаны, мынау оңбағанның қатынын сабап жатқанда, араша болғаны үшін осындай ауыр жағдайға тап болды, – делінген жазбада.

Жәбірленуші тарап күдіктінің әрекетінен кейін оның қорқыту сипатындағы сөздер айтқанын да мәлімдеді. Туыстары бұл жағдайға байланысты істің әділ қаралуын талап етіп отыр.

АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН

Жәбірленушінің жақындары оның жағдайы толық жақсармай жатып ауруханадан шығарылуы мүмкін екеніне алаңдап отыр.

–  Бала әлі өзіне келе алмай жатыр. Осындай жағдайда ауруханадан шығару туралы шешім қалай қабылданады? – деп жазды туыстары.

Олар бұл мәселеге қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, Шымкент қаласының прокуратурасына, полиция департаментіне және денсаулық сақтау басқармасына өтініш жолдағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша полиция немесе өзге де ресми органдардың ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.