×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан футбол федерациясы мемқаржыландырудан бас тартты

15.11.2021, 21:48
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан футбол федерациясы келесі жылдан бастап мемлекеттік қаржыландырудан бас тартады. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Азамат Айтхожин мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми аккаунтында жарияланды.

«Біріншіден, Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті өз ішімізде уайымдаймыз. Тағы бір айтарым, жетекші ойыншылардың үлкен тобынан айырылғандықтан, өкінішке орай, Парижде оңтайлы құраммен ойнай алмадық. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда басшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес», - дейді Азамат Айтхожин.

Оның айтуынша, өткен және осы жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі ұлттық құрамаларды халықаралық жарыстарға қатыстыруға жұмсалды.

«Біз қандай миллиардтар туралы айтып отырмыз? Келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар тарапынан қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік ақшаны тарту есебінен қаржыландырылатын болады», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары