×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болды

17.11.2021, 23:30
Фото: ашық дереккөз

Алматы-Өскемен бағытындағы тасжолда көлік апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 08:00 кезінде болған.

«Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 223-шақырымында, яғни Көксу ауданының аумағында болған. Алдын ала болжам бойынша, «Hyundai Accent» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатқан. Кенет рөлге ие бола алмай қалып, шығыс бағыттағы жол жиегіне шығып кеткен. Артынша арыққа құлап, аударылған. Салдарынан көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушысы алған жаратынан оқиға орнында мерт болды», - делінген хабарламада.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары