×
$
455.12
€
498.99
₽
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.12
€
498.99
₽
5.55

Алматыда жаңбыр жауып, көшелерді су басуы мүмкін

Бүгін, 14:44
Алматыда жаңбыр жауып, көшелерді су басуы мүмкін
Pixabay.com

Алматылықтарға бүгін жұмыстан және оқудан үйге қалай жететінін алдын ала ойластырған жөн. 24 қараша күні түстен кейін қалада жаңбыр жауады. Салдарынан жол қозғалысы қиындап, кейбір көшелер мен тротуарларды су басуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңбыр қарбалас уақытта жауады

«Қазгидромет» болжамы бойынша, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат екіге дейін тоқтайды. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +17…+19 градус болады.

Алматы әкімдігі коммуналдық қызметтердің ықтимал су басу жағдайларына дайын екенін хабарлады.

– Көшелерді су басудың алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке шықты. Жұмысқа 1 579 жол жұмысшысы, 415 техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайын, – деп мәлімдеді әкімдік.

Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы қашықтықты сақтау ұсынылды. Ал жаяу жүргіншілерге су жиналған жерлерді айналып өткен жөн.

25 қараша күндіз жауын-шашын болмайды. Алайда 26 қараша күні түстен кейін жаңбыр қайта жаууы мүмкін.

Жақында қала көшелерін су басқан еді

Еске салайық, 11 қарашада Ulysmedia.kz жаңбыр кезінде алматылықтардың қандай қиындықтарға тап болғанын жазған еді. Қала тұрғындары су басқан тротуарларды айналып өтіп, жұмыс пен оқуға әрең жеткен.

Әсіресе, абаттандыру жұмыстары жүргізілген көшелердің жағдайы көп сынға ұшырады. Тұрғындар жаңбыр суының дұрыс ағызылмайтынына және тайғақ төселген тақталарға шағымданды.

Сізге қызық болуы мүмкін