×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған – белсенді

15.08.2024, 13:07
Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған – белсенді
сурет ашық дереккөзден

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызға қатысты сұмдық деректер жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

14 тамыз күні Астанада жәбірленуші қыздың анасы мен “Не молчи” қорының құқыққорғаушылары баспасөз мәслихатын өткізді...

ҚЫЗДЫ ҚҰРЫҚҚА ТҮСІРГЕН КІМ?

Жәбірленушінің анасы қызын бұл қылмыстық схемаға сыныптас құрбысы тартты деп мәлімдеді. Ол үйге жиі келіп, биге бірге барып жүрген. Ата-анасы күдіктіні қызының құрбысы деп санаған, араласуға тыйым салмаған.

Кейін әке-шешесі қызының сабақты жиі босатанынын естіген. Үйде түнемей, жоғалып кеткенде алаңдай бастайды. Мектепке, учаскелік бөлімге хабарласып, ІІБ-ге өтініш жазып, смартфон арқылы қыздың қайда екенін анықтауды сұрайды. Алайда, іздеудің орнына полиция ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытып, мектеп әкімшілігі өтініш жазбауды талап еткен.

  - Мені мектепте үнемі қорқытатын. Олар қызды арнайы интернатқа тапсырамыз, ол интернатта жағдайы жоқ отбасылардан шыққан балалар, "азғын жеткіншектер" бар деп айтатын. Қызым құрбысының жанында және бұл уақытша нәрсе, өтеді деп айтатын, - дейді анасы.

«АНА ЖЕРІН» КҮЙДІРГЕН

Қыздың жыныстық құлдыққа түскені туралы оның туыстары 6 тамызда ғана білді. Кезекті рет жоғалып кеткенен кейін ол жарақатымен (миы шайқалған) үйге оралды.

Белгілі болғандай, төрт адам ақпан айынан бері қызды мәжбүлеп жезөкшелікке салған. Олар: екі сыныптасы(бір ұл, бір қыз) және олардың туыстары.

Анасының айтуынша, жыныстық қызмет сыныптас қыздың пәтерінде, сондай-ақ, қонақ үйлер мен сауналарда көрсетілген.

 - Кейде ол бірнеше күн бойы жоғалып кететін. Ол күндіз үзіліссіз жұмыс істеуге мәжбүр болды, ер адамдардан сағат сайын ақша аударылып тұрған. Содан кейін ол бұл ақшаны күдіктілерге аударуы керек, егер ол 5 минутқа кешіксе, оның "ана жерін" күйдіріп, азаптап, ұрып — соққан", - деді анасы.

Жасөспірімдер қыздың « ана жерін» күйдіруден бөлек, ішіне балқытылған целлофан пакеттерін тамызып, қағазды өртеп, іш киіміне салып, жыныс мүшесін тілгілейміз деп қорқытқан. Оған қоса ата-анасын көмірқызшыл газымен улап өлтіреміз деп, қалай болатынын егжей-тегжейлі айтып берген.

  - Қызым бұл қылмыс екенін түсінді, тек өзін өлтіргенін күтті, өйткені оны үнемі  солай қорқытты. Ол барлығын мойындаудан ұялды, ол өзі үшін осындай шешім қабылдады. Ол өлгенде, біз бәрін біледі деп ойлады, — деп қосты анасы.

Қазір миы шайқалған қыз балалар ауруханасына жатқызылды. Анасы қыздың көк ала қойдай екенін, жаралы әрі биттеп кеткенін айтады.

БАНК КАРТАСЫНА 10 МЛН ТЕҢГЕ ТҮСКЕН

Белсенді Айсана Әшім күдіктілердің нөміріне 1000-нан астам ер адам ақша аударғанын жазды.

 «Іс жүзінде олар қызды зорлады. Өйткені, ол оған келісім бермеді. Қыздың анасының айтуынша, келген еркектерді бірі ҰҚК-де жұмыс істейді. Бұл еркектердің барлығы баланың қандай күйде екенін және оның бұл пәтерде өз еркімен жүрмегенін көрмеді емес, көрді», - деп жазды ол.

Айтуынша, қылмыс жасауға оқушылардың туыстары да көмектескен. Олардың бірінің анасының банк картасына 10 миллион теңге түскені анықталған.

 «Мен бұл қыздың өмірі үшін қорқамын. Арамызда педофилдер жүр деген сөз. Алақандай қалада осындай 1000 еркек шыққан. Қызға, отбасына қауіп төніп тұр. Шұғыл түрде психиатриялық көмек, дәрі-дәрмек қажет, мүмкін олар қаладан кетуі керек болар, ол жер қауіпсіз емес», - деп жазды Айсана Әшім.

ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАЛДЫ

Оқушы қызды Қызылордада жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша жасөспірімдерді қамауға алды.

«Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған күдіктілер Қ. А. және М.-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына түскен. Сот қаулысымен тергеушінің өтінішхаты қанағаттандырылмай, кәмелетке толмаған күдіктілерге 2 ай мерзімге «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған»,- делінген соттың хабарламасында.