×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Нұр-Сұлтан мешітінде күртешелердің қалтасынан смартфондар ұрланды

25.11.2021, 00:54
Фото: ашық дереккөз

Астанада полиция қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады.

«Тергеу барысында қаскүнемнің Тәуелсіздік даңғылы бойындағы мешіт ғимаратына кіріп, мешіттің кіреберісінде қалдырылған сырт киімдерінің қалталарын қарап шыққаны анықталды. Пиджактардың бірінен iPhone 6C ұялы телефонын тауып алып, оны ұрлап, оқиға орнынан кетіп қалған», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары