×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтауда газ бағасы екі есеге қымбаттады - Ноғаев не деді

25.11.2021, 16:33
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтауда екі апта ішінде газ бағасы 55 теңгеден 90 теңгеге күрт көтерілген. Ал Маңғыстау облысында көліктердің 90 пайызға жуығы сұйылтылған мұнай газымен жүреді. Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев есептік кездесуде газ бағасының күрт қымбаттауының себебін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыс әкімінің айтуынша облыстағы көліктердің дені сұйылтылған мұнай газымен жүреді. Ал газдың қымбаттауына нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өздігінен реттелуі әсер етіп отыр.

«Бағаның өсуі нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың реттелуінен туындайды. Маңғыстау облысына газ жеткізу бойынша Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытынан айына 14 жарым мың тонна газ шығады. Жетпей тұрған 3,5 мың тонна газды Атырау мұнай өңдеу зауытынан аламыз. Қажеттілігі ай сайын 18 мың тонна. Қазір 75 пайызға жуық газ электронды сауда алаңдарында сатылады. Яғни газ жеткізуші мен алушы арасында адами фактор жоқ, электронды түрде жүреді. Ал «Газ және газды қолдану заңы» бойынша 2022 жылы 1 қаңтардан бастап бұл биржаға шығуы керек. 100 пайыз газды бұрын әкімдік, министрлік әр компанияға бөліп отырған болса, енді бұлай болмайды. Баға ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасады», – деді Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары