×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Арон Атабек жер қойнына тапсырылды

26.11.2021, 10:56
Фото: Ашық дереккөзден

Оппозиция жетекшісі, ақын, публицист, саяси белсенді Арон Атабек «Бағанашыл» бейітіне жерленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналды. Туған-туыстарымен бірге марқұмды жер қойнына тапсыруға басқа өңірлерден келгендер де бар. Арон Атабек 68 жасында өмірден өтті.

Арон Атабек — қазақстандық оппозиция жетекшісі, ақын, публицист, саяси белсенді, Шаңырақ ықшам ауданындағы “жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, полицияны өлтірді, сондай-ақ тұтқында кепілгер ұстады” деген айыппен 2006 жылы қамалған болатын. Арон Атабектің полицейдің өліміне кінәсі дәлелденбеді. Соған қарамастан 2007 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты Аронды 18 жылдық қатаң режимге соттады. Сот шешімі бойынша оны бостандығынан айыру уақыты 2006 жылдың 17 шілдесінде басталып, 2024 жылдың 16 шілдесіне дейінгі аралық есептелген.

Биыл 1 қазан күні Арон Атабек бостандыққа шықты. Сот шешімімен Аран Атабектің бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.

Түрмеден шыққан соң денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Коронавирус дертіне шалдығып, ауруханаға түскеннен кейін ұзақ уақыттан соң қызымен кездескен болатын. 

Айдана Айдархан әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Алматыдағы жеке емханада жатқан әкесімен бірнеше минут жүздесу мүмкіндігі берілгенін жазды.

ulysmedia.kz редакциясы марқұмның отбасы, туған-туыс, жақындарына көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары