×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елімізде алғаш рет паралимпиадалық спорт түрінен республикалық турнир өтті

27.11.2021, 22:23
Фото:; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында боччадан бірінші ашық республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл ашық республикалық турнир осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан Нұр-Сұлтан қаласы бочча федерациясының президенті болған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.

Сұлтанбек Орынбасаров 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы инклюзивті мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген кезден бастап ерекше қажеттілігі бар оқушыларға ерекше қамқорлықпен қарайтын. Бочча спорт түрі жайлы білген соң, 2018 жылдан бастап «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ-да боччадан жаттықтырушы болды. Осыдан кейін елордада бочча федерациясын құрып, балалармен бірге алтын Паралимпиада медалін жеңіп алуды мақсат еткен болатын. 

«Бүгінде бочча паралимпиада бағдарламасындағы қарқынды дамып келе келе жатқан спорт түрінің бірі. Күн санап қызыққан азаматтар саны еселеп артуда. Дәлдікті, есеп пен мергендікті қажет ететін аталған спорттың азаматтарға пайдасы жетерлік. Қуанышымызға орай, бұл құбылыс біздің елімізге де жаңа леппен жетті.

Мәселен, былтыр Nur Otan партиясының қолдауымен еліміздің 17 қаласында бочча спортына арналған секция ашылды. Осындай ауқымды жұмыстың басы-қасында болған «Мир равных возможностей» қоғамдық қорына шексіз ризашылығымды білдіремін», - деді министр Ақтоты Райымқұлова.

Бочча – тірек-қимыл аппараты қатты зақымданған спортшыларға (арбадағы спортшылар) арналған спорт түрі. 1984 жылы паралимпиада бағдарламсына кірген бочча бүгінде әлем бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бочча доппен ойнайтын петанк пен керлингке ұқсас спорттық ойын.

Жарысқа Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Арал, Қарағанды, Ақсу сынды қалалардан БЦП және тірек-қимыл мүшесі зақымданған, аутизм, Даун синдромы сияқты диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі ересектер, зағип және нашар көретіндер балалар арасынан 95 спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары