Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінде жаза өтеп жатқандар тағы бірнеше жылға бас бостандығынан айрылды. Олар топтасып, колония қызметкерлеріне күш қолданды және мекеменің заңды талаптарына бағынбады деп айыпталды. Үкімде сот ғимаратының мүлкі бүлініп, полиция шақырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түрмедегі бүлікке қатысқан 10 сотталушыға қосымша жаза тағайындалды
Ақтөбе қаласының №2 соты 10 сотталушыға қатысты қылмыстық істің үкімін шығарды. Бұл жолы олар абақтыда өткір алмаспен қасақана өз білектерін кесіп, мекеме мүлкін білдіріп, тәртіпке бағынбады деген жазаға кесілді.
Үкім оқылған сәтте сотталушылар наразылық білдіріп, сот ғимаратының мүлкі бүлінді. Облыстық соттың баспасөз қызметі 102 шақыртылып, оқиғаның тіркелгенін хабарлады.
Сот процесінде сотталушылар фото, видеоға түсуге қарсы болған жоқ. Сотталғандардың ең жасы 20-да болса, үлкені 33 жаста. Колониядан сот залына әкелген 10 адамның арасында адам өлтіру, зорлау, терроризмді насихаттады және қарақшылық жасағаны үшін сотталғандар бар.

Сотталушылар үкімге наразылық білдіріп, сот ғимаратының мүлкін бүлдірген
Айыпталғандар ҚК-тің 428-бабы 3-бөлігі – Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру және 429-баптың 3-бөлігі – Мекеме қызметкеріне күш қолдану бойынша кінәлі деп танылды. Оларға тағы 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот материалдарына сәйкес, түрмедегі бүлік 2025 жылдың желтоқсан айында болған. Медициналық тексеруден өту кезінде жанжал басталып, мекеме мүлкін бүлдіргені айтылады. Өткір алмаспен өз білектерін кескен.

Оқиға салдарынан үш қызметкер дене жарақатын алған. Сондай-ақ бір бейнетіркегіш пен екі радиоқабылдағыш бүлініп, мемлекеттік мекемеге 778 мың теңгеден астам материалдық залал келді.
Сотталушылар тағылған айыпты мойындамады. Мекеме қызметкерлері қысым көрсетті деген уәж айтты.
Сот олардың кінәсі бейнежазбалар, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтар және сараптама қорытындыларымен дәлелін тапты деп санады.
Сот үкімімен жеті сотталушыға 6 жылдан, екі сотталушыға 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімдердің жиынтығын ескере отырып, олардың түпкілікті жазасы 6 жыл 1 айдан 11 жылға дейін белгіленді.
Ардақ Ерубаева