×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Үйінді астында қалған кеншінің денесі 6 күннен соң табылды

24.09.2024, 17:56
Үйінді астында қалған кеншінің денесі 6 күннен соң табылды
Ашық дереккөз

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы алтын өндіретін "Алтыналмас" компаниясының "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінде тау жынысы опырылып, үйінді астында қалып қойған жұмысшының денесі 6 күннен кейін табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 КҮН ӨТТІ

Арада алты күн өткенде, 23 қыркүйекте компания жұмысшы "жазатайым оқиға салдарынан қаза болды" деп хабарлады.

Қаза болған адам – слесарь Нұрдәулет Нұрмаханов 2012 жылдан бері осы компанияда жұмыс істеген. "Алтыналмас" марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі деп мәлімдеді.

КЕШІКТІРІЛГЕН АҚПАРАТ

Компания төтенше оқиға туралы 18 қыркүйекте емес, бір күннен кейін хабарлады. Тау-кен байыту кешеніне құтқару тобы барып, үйінді астында қалған жұмысшыны іздеген. Компания тау жынысы жылжып кету қаупі бар және географиялық орны күрделі болғандықтан, опырылған жерді аршу қиын болып тұр деп хабарлаған.

ЖҰМЫС ТОБЫ

 "Алтыналмас" оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылып, арнайы комиссия оның жай-жапсарын анықтап жатыр деп мәлімдеген.

Үйінді астында қалған кенші туралы бұған дейін де жазғанбыз.

117 АДАМНЫҢ ҚАЗАСЫ

Жыл басынан бергі 8 айда елде өндіріс орнында 900-ге жуық адам зардап шеккен. Бұл – сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8% жоғары. Өндіріс орнындағы жағдайлардан 117 адам қаза тапқан.