×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Қайыршыны жұмысқа орналастырып, қаржысын өзі алып келген

25.09.2024, 15:24
Қайыршыны жұмысқа орналастырып, қаржысын өзі алып келген
ашық дереккөз

Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық істі тергеуді аяқтап, осы іс бойынша айыптау актісін жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҮЙСІЗ» БАСТЫҚ

Тергеу барысында 2017 жылдың қазанынан 2024 жылдың тамызына дейін "белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған Қостанай қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы" КМҚК басшысы өзінің қызметтік жағдайын азаматтарды әртүрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастыру үшін пайдаланғаны анықталды.

Жұмысқа орналасқанына қарамастан, олар іс жүзінде ешқандай міндеттерді орындамағаны былай тұрсын, жұмыс орындарында болмаған. Ал олардың атындағы шотқа түскен ақша, басшының өз қалтасына құйылып отырған.

11 МЛН ШЫҒЫН

Күдіктінің әрекеті салдарынан мемлекетке 11 млн теңгеден астам шығын келген.

Қылмыс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған, ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде қызметтік жағдайын пайдалана отырып ұрлауды білдіреді. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдіктіге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қаупі төніп тұр.