Тоқсаныншы жылдары «Асыл әжем» секілді әндерімен, ерекше жұмсақ, қоңыр дауысымен баршаны баураған Рахат Тұрлыханов бүгінде қандай да бір қоғамдық істерден, ресми лауазымдардан алшақтап, уақытын отбасына, саяхатқа арнауды шешсе керек деп хабарлайды оның әлеуметтік желідегі парақшаларын шолып көрген Ulysmedia.kz тілшісі.
Расында кезінде сахнаны дүркіреткен, белді әулетте тәрбиеленген, атақты палуан Дәулет Тұрлыхановтай көкесі бар әншіні әңгімеге тартпаққа тырысқанымызда, ол «Қазір ондай жобаларға (көпшілік ортада болу, танылу және тағы басқа – ред. еск.) қатыспаймын, көңіліңізге рахмет», – деп қысқа қайырды.
Жалпы Рахат әлеуметтік желіде шетелде саяхаттаған сәттерімен жиі бөліседі. Жазда, әлбетте, Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, құмды төбелердің арасында арнайы көлікпен зулағанның, парашютпен Дубайдың үстінен секіргеннің ләззаты бөлек екені анық.
Осы орайда, жоғарыда келтіргеніміздей, танымалдылық пен өнер иесі бүгінде отбасына, жақындарына көбірек уақыт арнауды ұйғарғандай. Әсіресе анасын айрықша қадірлейтіні аңғарылады. Туған күнінде суретінмен бөліскен.
Рахаттың өмірінде биыл үлкен жаңалық болғанға ұқсайды. Фейсбукте 21 маусымда статусын «помолвлен» деп өзгертті. Кейін мына суретін жариялады. Таңдаған жары осы қыз болса керек.
Ал бір суретте кезінде өзі «Азем» деп ән арнаған інісінің үйлену тойында түскені байқалады.
Еске салсақ, Рахат Тұрлыханов белгілі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы Жәмила Әбіловамен оттасқан. Ортақ балалары бар. Олар үйленгенде БАҚ Әбіловтер мен Тұрлығановтар құда болды деп, біраз жырлаған. Кейін жұлдызды жұп ажырасып кетті. Ал Жәмила қазір белгілі ресторатор Асқар Байтасовпен азаматтық некеде тұрады.