×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Әлихан, Міржақып, Ахмет: Алаш көшбасшыларының суретін бір мезетте салды

07.12.2021, 10:34
Фото: бейнежазбадан скрин

Алматылық суретші Әсел Сабыржанқызы «Алаш» партиясының негізін қалаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың бейнесін арнайы өзі ойлап тапқан технологияға сүйене отырып, қарындашпен бір мезгілде салып шықты деп хабарлайды Ulysmedia. 

27 жастағы өнер иесі туындысын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап дүниеге әкелгенін айтады. Әселдің бұл бейнежазбасы TikTok-парақшасында миллион, ал Instagram-да 50 мыңға жуық қаралым жинаған.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл! Қастерлі желтоқсан айында аяулы есімдері ондаған жылдар бойы қараланып, жадыдан өшірілуге күш салынған тұлғаларды еске түсірейік», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Әселдің жұмыстарының арасынан Батырхан Шүкенов, Димаш Құдайберген, Скриптонит, Геннадий Головкин сияқты танымал жандарды байқауға болады.

Серіктес жаңалықтары