×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Жаңа Арбат Алматы тұрғындарына қуаныш сыйлады

15.12.2021, 07:21
Фото: ашық дереккөзден

Құрылыс компаниясы шамамен 200 млн теңге өз қаражатын салған жоба нәтижесінде Шевченко мен Құрманғазы арасындағы Мәуленов көшесіндегі орам тұрғындары енді өздері тұрып жатқан жерді жаңа Арбат деп атайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы 40 жылда алғаш рет мұндай ауқымды абаттандыруды инвестор - «Диал-Строй» құрылыс компаниясы биылғы тамыз айынан бері 4 айда жүргізіп үлгергені белгілі болып отыр. Компания оңтүстік астанаға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай осындай сыйлық жасауды ұйғарған.

«Біз жол төсемін ауыстыруды ғана емес, жалпы орамды қасбеттен қасбетке дейін абаттандыруды шештік, - дейді компанияның бас директоры Ғабит Маматраимов. - Үйлердің қабырғалары тазартылды, кейбір жерлерде мәрмәр мен гранит төселді, сонымен қатар балкон қоршауларын, қабырға панельдерін, қабырға сыртын арнайы жабдықты - құм төсеуді қолдана отырып, көптеген жылдар бойы жиналған күйеден және шаңнан тазарттық. Астындағы қабат толығымен шимайланған, боялған еді, бәрін тазалап, үйлерге көркем қалпын қайтардық» .

Жұмыстар соңғы 4 ай ішінде іске асқанын жоғарыда келтірдік. Осылайша, көше жабыны толығымен тротуар плиткасына ауыстырылып, жаңа Арбаттың екі жағына әдемі шамдар қойылған. Көптеген гүл көшеттері, мыңдаған сәндік бұталар мен ағаштар отырғызылып, арықтар тазартылған және де автоматты суару жүйесі жүргізіліп, орам аумағындағы тұрғын үйлердің барлық қабырғалары ретке келтірілген. Кейбір жерлерде қажет болған жағдайда гранит пен мәрмәр плиталары орнатылғаны айтылуда. Көше бойы қойылған 20 орындықтың қасында қоқыс жәшіктері де пайда болмақ.

Көшенің өзі айтарлықтай кеңейтілген. Жергілікті билікпен келісім бойынша және аудан тұрғындарының өтініші бойынша көше автокөлік үшін біржақты етіп жасалып, бұл жаяу жүргіншілердің, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік қаупін едәуір азайтқан. ЕКі жақтан келіп, кептеліп қалатын жүргізушілер кикілжіңі де шешімін табуда. Компания сондай-ақ жолда тиісті жаңа белгілерді салу жұмыстарын тындырған.

«Біз Мәуленов көшесіндегі 121а үйде тұрамыз және «Диал-Строй» компаниясының мұнда барлығын жасағанына өте қуаныштымыз. Бұрын бәрі басқаша болатын, ал қазір өте әдемі, француз бульварындағыдай өмір сүріп жатырмыз, - дейді жергілікті тұрғын, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Алма Айтпаева. - Ұйымдастырушыларға  көшемізді жарқын, қызықты, әдемі еткендері үшін рахмет. Сонымен қатар, үйдің қасбеті жаңартылды, демалуға арналған орындықтар қойылды, арықтар тазартылды, көптеген гүлдер, бұталар, ағаштар, шыршалар отырғызылды - жақсы күтім жасалғаны сезіледі. Көктемде, әрине, бәрі гүлдеп, жасыл желекке айналғанда, тіпті сұлу болады. Мен мұнда 1979 жылдан бері тұрамын және осы 40 жыл ішінде мұнда алғаш рет осындай ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бастапқыда кейбір жергілікті тұрғындар компания өз уәделерін орындамайды деп қорыққанымен, қазір бәріміз «Диал Строй» уәде еткеннің бәрін істегенін көрдік».

«Бұрын бұл жерде лас еді, компания біздің дүкеннің алдында және бүкіл орамда плиткалар төсеп, тазалық және ұқыптылық орнады. Көптеген жасыл желек отырғызылды, әдемі, жақсы енді. Біржақты қозғалыс, тұрақ жасалды. Мұнда шамамен 10 жыл тұрып келеміз. Бұрын не болды және қазір қалай, арасындағы айырмашылық өте үлкен», - дейді жергілікті дүкеннің иесі Бибігүл.

Техника ғылымдарының кандидаты, КСРО ағарту ісінің үздігі Серік Исабеков «Диал-Строй» құрылыс компаниясы көп қаржы салудың арқасында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосқанын әңгімелейді. Ол сөзіне тағы бір дәлел ретінде өңі кірген аумаққа көрші аудандардың тұрғындары серуендеуге келетінін тілге тиек етеді.

«Жақсылық жасаған жақсы ғой, адамдар да мәз. Осы орайда әкімдік пен қаладағы барлық құрылыс компанияларының басшыларын «Диал Строй» сияқты игілікті іске мұрындық болуға шақырамын. Үй салудан тыс, көшелер мен аулалар тұрғызып, қаланы жасыл желекке бөлеу керек. Бұл біздің қала! Мен әр тұрғын балалары мен немерелеріне «Бұл қалада бәрімен бірге өмір сүрдім, жасампаз болдым, жасадым!» деп айтқанын қалар едім», – дейді Серік Бидахметұлы.

Айта кетейік, бұл компанияның алғашқы ауқымды әлеуметтік жобасы емес. Бір жыл бұрын «Диал-Строй» ЖШС 25 млн теңге көлемінде өз қаражаты есебінен Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан» шағын ауданындағы N203 жалғыз жалпы білім беретін мектеп үшін заманауи стадион салып берді.

Серіктес жаңалықтары