×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазгидромет: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

17.12.2021, 00:33
Фото: ашық дереккөз

17 желтоқсанда қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылып, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан екпіні 15 м/с жел күтіледі. Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, Атырау облысының көп бөлігінде тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болмақ. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары