×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.12.2021, 22:17
Фото: ашық дереккөз

22 желтоқсан күні еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, қар жауады және көктайғақ болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 желтоқсан күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы жерлерінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі, орталықта және облыстың солтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Орталық және облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.