×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қызылордалық сылақшы қыз: Жолдасым орыс болған

21.12.2021, 22:34
Қызылордалық сылақшы қыз: Жолдасым орыс болған
Фото: ашық дереккөз

YouTube-қа ән салып тұрған сәті салынғаннан кейін жұлдызы жанған Гүлмайдан Серікбай «Менің өмірім» бағдарламасында жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Балалық шағымда мал бағатынмын. Үйден жайылымдық жерге дейін 3 шақырым жер. Кең далада шырқаған әнім ауылға естіліп тұрады екен», - дейді ол.

Әншінің ұлы бар. Орыс жігітіне тұрмысқа шыққанын айтқан ол мінездері жараспағанын айтты.

«Менің күйеуім орыс ұлты өкілі еді. Көп адамдар біздің үйленгенімізді сынап, оған тұрмысқа шыққаным үшін айыптайды. Бірақ біз ғашық болдық. Бастапқыда бәрі жақсы болды, кейін жиі ұрысып қалатын болдық. Екеуміз жанжалсыз, үнсіз қоштасып кеттік. Ұлымыз бар, ол төрт жаста», - дейді Гүлмайдан.

Әнші 21 жасында тұрмысқа шығып, екі жылдан кейін ана атанған. Қазір ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

«Күйеуіммен ажырасқаннан кейін Алматыға келдім және жұмысшы болдым: құрылыспен айналыстым, үй жинадым, автобуста кондуктор болдым, тауық сойып, тазаладым, далада жұмыс істедім. Мен лас жұмыстан қашпаймын, ешқандай жұмыс істеуге ұялмаймын», - деді ол.

Гүлмайдан интернетте танымалдылыққа ие боламын деп ойламағанын айтты.

«Мен мұндай атақты боламын деп ойламадым. Мен таң қалдым, бұлай атақты боламын деп ойламаппын», - деп бөлісті Гүлмайдан Серікбай.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары кезінде ән салған Дананың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен болатын. Көп ұзамай Гүлмайданның Asia’s Got Talent халықаралық байқауына қатысатыны белгілі болды.