Ұлттық статистика бюросы полицияға және басқа да мемлекеттік органдарға халықтың сенім деңгейі қандай екенін білу үшін сауалнама жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтардың әртүрлі мемлекеттік органдар мен қызметтерге деген сенім деңгейі келесі көрсеткіштерді көрсеткен:
Полиция
Зерттеуге сәйкес, азаматтардың 64,3% полицияға сенеді. 26,9% ішінара сенеді. Ал 7,3% сенбейді (оның ішінде 3,9%-ның сенімсідігі басымз, ал 3,4% мүлде сенбейді). Сауалнамаға қатысқандардың тағы 1,5% жауап беруге қиналған.
Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке азаматтардың 52,2% сенім артады. 29,8% ішінара сенеді. 8,3% сенбейді және 9,7% "бағалауым қиын" деп жауап берген.
Экономикалық тергеу қызметі
Экономикалық тергеу қызметіне қазақстандықтардың 48,3% сенеді. 29,9% ішінара сенеді. 8% сенбейді. Ал 13,8% жауап беруім қиын деген.
Соттар
Сот жүйесі жайлы сауалнамаға қатысқандардың 62% оған сенетінін айтқан. 27,1% ішінара сенеміз деген. 5,7% мүлде сенбейді. Тағы 5,2% жауап бере алмаған.
Прокуратура
Прокуратураға сенім деңгейі 66,1%, ішінара 25% сенеді. Ал азаматтардың 5,5% сенімсіздік білдіреді. 3,4% жауап беруге қиналады.
Өрт сөндірушілер
Барлық мемлекеттік органдар арасында сенімнің ең жоғары деңгейін өртке қарсы қызмет көрсетті. Оған қазақстандықтардың 80,4% сенеді. 16,8% ішінара сенеді. Ал 1,2% ғана сенімсіздік білдірді.
БАҚ-қа сенім
Медиа сарапшы Эзра Иманның айтуынша, бүкіл әлемде дәстүрлі БАҚ-қа деген сенім төмен деңгейде қалып отыр (48%). Жалған ақпараттардың көбеюі сенімсіздікке ықпал етеді, ал үкіметтер мен компаниялар журналистерге қарағанда көбірек "сенім тудырады".