×
434.58
496.46
5.68
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.58
496.46
5.68

Бүгінгінің батыры: дәрігер 9 айлық сәбиді құтқарып қалды

Фото: ашық дереккөзден

Балалардың денсаулығын оңалтумен айналысатын дәрігер Мейрам Қалиясов ойыншық жұтып қойған бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«11 қарашада менің 9 айлық ұлым ойыншық бөлігін жұтып қойып, тұншыға бастады. Біз оны өз бетімізше алып шыға алмадық, балам есінен танып қалды. Ол көгеріп кетіп, клиникалық өлім орын алды. Осы кезде менің шырылдаған айқайыма үйіне қайтып бара жатқан Мейрам Мақсұтұлы келді. Ол бірден ұлыма көмек көрсете бастады, оңалту шараларын өткізді. Міне керемет, балам демала бастады, бірақ өте әлсіз еді. Жедел жәрдем келгенге дейін Мейрам барлық уақыт жанымызда болды, ұлымның жағдайын бақылады», – деп тебіренген баланың анасы Назира Мұқатаеваның әңгімесін өз парақшасында желі қолданушысы Александр Цой бөлісті.

Жедел жәрдеммен ауруханаға апарған баладан бірнеше күннен кейін ойыншық шығып, толығымен сауығып кеткен. Ал ақ халатты абзал жан Мейрам Мақсұтұлы баланың жағдайын білуге келіп тұрған.

«Біздің бүкіл отбасымыз Мейрамға шексіз риза. Ол бейнебір қамқоршы періште ретінде пайда болып, ұлымды құтқарды! Минут, тіпті секунд кешіксе не боларын ойлаудан қорқамын. Құтқарушымызға тағзым!», – деп ананың алғысын жеткізген Александр отандық медицинада осындай батырлар істейтінін атап өтті.

Мейрам Қалиясов 33 жаста, ол Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында реабилитолог болып еңбек етеді.