×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан ядролық қаруы бар алғашқы мұсылман ел болуын қалағандар болды - Қайрат Сарыбай

28.12.2021, 17:07
Фото: ulysmedia.kz

Белгілі дипломат Қайрат Сарыбай Есен Елеукенге берген сұхбатында ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның сол кезеңдегі жағдайы туралы және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкердің Қазақстанға сапары жайында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазір ядролық қаруды сақтап қалғанда біздің беделіміз басқаша болар еді деген жай әңгімелер бар. Бірақ біз саяси аренадағы абыройымызды осы ұтымды шешім арқылы қалыптастырдық. Сол кездері АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер бірнеше рет келіп кетті. Неге десеңіз, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біздің жерімізде қалған ядролық әскери әлеует жер шарын бірнеше рет жоюға жеткілікті болатын. Біздің жерімізде орналасқан зымырандардың түрі жерді бір айналып өтетіндей немесе кем дегенде АҚШ-қа жететіндей ерекше стратегиялық маңызға ие болатын. Бұл – өте үлкен күш. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы сол күштен бас тарту арқылы ең ұтымды шешім қабылдады. Біз жай бас тарта салған жоқпыз. Бұл шешім қазіргі тәуелсіз жас еліміздің бейбіт өмірінің кепіліне айналды», – дейді дипломат Қайрат Сарыбай.

Сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар:

Серіктес жаңалықтары