×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәжіліс депутаттары ақтаулықтармен кездесті

03.01.2022, 22:11
Мәжіліс депутаттары ақтаулықтармен кездесті
Фото: скриншот

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Парламент мәжілісі баспасөз қызметінің мәліметінше, мәжіліс депутаттары Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин Ақтау тұрғындарымен кездесіп, сұйытылған газдың бағасына байланысты туындаған жағдайды талқылады.

«Бұл жерге сіздер үшін келіп тұрмыз. Сендердің жанайқайларыңды, мәселелеріңді, бәрін Үкіметке, Парламентке, әкімге, министрге жеткізуге міндеттіміз», - деді Самат Мұсабаев халықтың ортасына шығып.

Оның айтуынша, сұйытылған мұнай газының бағасын Үкіметтік комиссия нақтылауы керек.

«Комиссия жұмысы әрі қарай жалғасады. Ашық отырыс болады, жабық отырыс болады. Соның бәріне қатысамыз, біз сіздермен әрдайым біргеміз. Бағаны түсіруге, әлі де түсе ме, 85 күйінде қала ма, сол тұрғыда жұмыс істейміз», - деді депутат.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі сұйытылған газ бағасынан басталған парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялаған болатын.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» делінген жазбада.

Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын екі есе төмендетуді талап еткен болатын.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Облыс әкімі жиналғандарды мәселені заң аясында шешуге шақырды.