×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Еуропадағы қазақ дәрігерлері елге көмек беруге дайын

10.01.2022, 08:11
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропа  елдерінде тұрып жатқан қазақтар мен Қазақстанда туып өскен басқа ұлт өкілдерінің достық, ынтымақ, бірлік «Наурыз Тобы» және Еуропадағы Қазақ дәрігерлер Ассоцациясының (MAKDE) дәрігерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына үндеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар Қазақстанға көмек қолын созуға дайын екендіктерін жеткізді. Атамекенде болып жатқан қайғылы жағдайға алаңдаулы екенін, сондай-ақ ел тыныштығына тілектес екендіктерін атап өткен қауымдастық мүшелері мынадай үндеу жолдады.

«Біріншіден, ҰҚШҰ әскерін Қазақстанға кіргізбеуді халық өтінсе де өкінішке орай кіріп келді,  кіргізбеу керек еді. «Жатта бауыр жоқ» деген Ата сөзі бар. Қазақ халқын ҰҚШҰ-ның жат бауыр әскерлері оқтың астына алуды сіз де қаламайсыз! Халыққа оқ атқызбаңыз. Бейбіт басталған шерудің аяғы мынандай өкінішті жағдаймен аяқталуы, Қазақстанның күйреуін күтіп отырған жат жұрттық дұшпандарға үлкен олжа. Сондықтан халықтың талабына сай, дұрыс шешім шығарып тез арада елімізге тыныштық орнатуыңызды сұраймыз!

Екіншіден, Еуропадағы Қазақ дәрігерлер Ассоцациясымен бірігіп, Атамекеннің керекті жерлеріне көмекке баруға дайынбыз. Бұл біздің ашынып жапа шеккен халыққа рухани ал әріптестерге мамандық көмегіміз болмақ. Атамекенде бейбітшілік орнасын. Тәуелсіз Қазақстан тәуелсіздігін қорғап қалсын», - деді.

Ізгі ниет ,зор құрметпен:

1.Айкен Салонен ( Финландия)

2.Назым Сахай ( Германия)

3 Серік Тұрсын ( Щвецария)

4.Қажы Акбар Аюби ( Дания)

5.Зула Уранбаатар ( Германия)

6.Еркінай Орманбекова ( Германия)

7.Мелеһат Өнел Көсе ( Германия)

8.Мұрат Шарипов ( Германия)

9.Мария Диттерих ( Германия)

10.Жайна Мағыш Бейр ( Германия)

12.Сандра Швагериус ( Германия)

13.Катрин Райх ( Германия)

14.Сымбат Халил ( Германия)

15 Жармұқаммед Тілеген(Германия)

MAKDE дәрігерлері:

1.Др. Алвира Қуат( Щвецария)

2.Др Алма Сергелтісам ( Швеция)

3.Др.Асель Сайран Демір( Германия)

4.Др.Дулат Сергелтісам ( Швеция)

5.Др.Гүлім Мырзаханова ( Норвегия)

6.Др. Серік Тұрсын ( MAKDE басшысы)

7.Др. Назым Сахай ( Германия)

8.Д/ж.Сәуле Тұрсын( Щвецария)

9.Нұрлан Қанатбаев ( Чехия)

Серіктес жаңалықтары