×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Астанада жолақысын төлемегендерге 33 млн теңге айыппұл салынды

22.09.2021, 16:34
Фото: Ашық дереккөзден

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері билетсіз жолаушылар бойынша күнделікті рейдтерді жалғастыруда. Көбінесе «қояндар» жол жүру ақысын аталған департамент қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазір ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабы, 2-бөлігі бойынша 180 жолаушы анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды, деп мәлімдеді CTS.

Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолақысын төлеуден жалтарудың 150 мыңнан астам фактісін анықтады. Оның ішінде 5744 жолаушы жалпы сомасы 33 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар жолаушылар денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында департамент күн сайын автобустарда бетперде режимін сақтау бойынша рейдтер жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары