Жамбыл облысының Шу ауданында полицейлер көшеде жүрген үш жасар баланы тауып алып, ата-анасына қайтарған. Баласын көрген анасы ең алдымен "соткам қайда?" деп сұраған. Анасының реакциясы желі қолданушыларын ашуландырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Полиция қызметкерлері тасжолды патрульдеу кезінде үш жасар баланың жалғыз жүргенін байқап қалған. Баланы көршілері таныған. Үш жасар Мағжан Шу ауданының Алға ауылында тұратын болып шыққан. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Полицейлер баланы үйіне апарып, табыстаған. Алайда оның ата-анасы баланың үйде жоғын байқамай да қалған секілді.
АНАСЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ
Баласын көрген анасы оның жағдайын сұраудың орнына бірден “соткам қайда?” дейді. Мұндай реакция желі қолданушыларының ашуына тиген.
ЖЕЛІ РЕАКЦИЯСЫ
- Мұндай аналарды есепке алу керек! Бала үш-ақ жаста, қайта тірі қалған. Ал ол телефонын іздеп тұр. Бей-жай қарамаған полицейлерге рақмет!
- Анасына баладан гөрі телефон маңызды болып тұр ғой
- Мына ата-аналар тым сабырлы немесе басқа нәрсе. Баласын әкеліп беріп жатса бар ойы телефонда. Алғыс айтудың орнына, дейді желі қолданушылары.