×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстаннан Ресейге ҰҚШҰ бітімгерлері бар 40 ұшақ қайтты

18.01.2022, 13:28
Фото: Егемен Қазақстан

Ресей Аэроғарыш күштерінің қырық ұшағы бір тәулікте Ресей Федерациясының ҰҚШҰ бітімгерлерін Қазақстаннан Мәскеу және Ульянов облыстарындағы әскери аэродромдарға жеткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Аталмыш аэродромдарда Аэроұтқыр әскерлері қолбасшылығының қатысуымен бітімгершілік күштерінің салтанатты жиыны ұйымдастырылғаны атап өтілді.

«Өткен тәулікте Ресей Аэроғарыш күштері әскери-көлік авиациясының 40 ұшағы Қазақстан Республикасынан ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің ресейлік бітімгерлерін Мәскеу және Ульянов облыстарындағы әскери аэродромдарға жеткізді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚШҰ бітімгерлік күштері 10 күн ішінде шығарылатынын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары