×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Президентке үндеу: Жаңаөзендіктер бейбіт халыққа қысым жасап, қудалауды тоқтатуды талап етті

22.01.2022, 15:54
Президентке үндеу: Жаңаөзендіктер бейбіт халыққа қысым жасап, қудалауды тоқтатуды талап етті
Фото: Скриншот

 «Халық террорист емес» деген бір топ жаңаөзендік тұрғындар президентке видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Біз Жаңаөзен қаласында орналасқан «КезБи» ЖШС қызметкерлері болып, Қазақстан Республикасының Консутитуциясына сүйене отырып, осы видеоүндеуді жолдау мақсатымыз – Қазақстанда болған бейбіт түрдегі наразылыққа, демонстрацияға қатысқан қарапайым халықты күштік құрылымдардың қудалауын талап етеміз», - дейді жаңаөзендіктер.

Видеоүндеу жолдаушылар қудалау тоқтамаған жағдайда бейбіт шеруге шығатынын хабарлады.

«Сіздің айтқан әрбір жолдауыңызды аса мән беріп, тыңдап отырмыз. Сол жолаудың бірінде сіз тәртіп бұзбай, бейбіт наразылыққа шыққан азаматтарға алғыс айта отырып, рақымшылықпен қарауға тапсырма бердіңіз. Алайда күштік құрылымдар сіздің тапсырмаңызды пайдаланып, қарапайым азаматтарды үйінен алып кетіп, әртүрлі әрекеттер мен жасамаған қылмысын жасанды қылуға ниетті екенін әлеуметтік желілерден көріп жатырмыз. Сондықтан күштік құрылымдардың қысым жасауын тоқтатуды талап етеміз. Халық террорист емес», - дейді олар.