×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Әпкесі көз жұмған бауырының денесін эксгумациялауға қарсы шықты

24.01.2022, 10:42
Фото: Ашық дереккөзден

Эльмира Усабаеваның айтуынша, Алматыда 5 қаңтар күні таңертең бауыры Руслан жұмысына шығып кеткен. Ал келесі күні оның оқ тиген денесі табылған. Эльмира бауыры қаңғыған оқ тиіп, қайтыс болға деп есептейді. Алайда полиция қызметкерлері арнайы тергеу жұмысын жүргізуде талап етіп отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаңтар қасіретінде көз жұмған Руслан Усабаевтың әпкесі марқұмның денесін эксгумауциялауға қарсы. Әйелдің посты Facebook парақшасында жарияланды.

Эльмира Усабаеваның хабарлауынша, 5 қаңтар күні Руслан өзінің досы Вадиммен Алматыдағы жұмысын кетіп, сол күйі оралмаған.

«Қаладағы тәртіпсіздікке байланысты біз оны бірден таба алмай қалдық. Денесін 6 қаңтар күні №12 ауруханадан таптық. Оларға біреу оқ атқан. Медициналық анықтаманы алып, Руслан мен оның досы Вадимді 7 қаңтарда жерледік. Қайғылы жайттарға байланысты біздің қалада тіпті кінәліні де іздемедік. Қаңғыған оқтан қаза тапқан шығар деп ойладық», - дейді Эльмира Усабаева.

Алайда арада екі апта өткеннен кейін полиция қызметкерлері марқұмның денесін эксгумациялауды талап ете бастаған. Усабаева құқық қорғаушыларда тіпті тиісті сот шешімі де жоқ екенін айтады.

«Алматы облыстық Қарасай ауданы ішкі істер басқармасы тергеушісінің сөзі менің күдігімді туғызды», - деп жазады не істерін білмей қалған әйел.

Эльмира Усабаева адам құқығын қорғаушылар мен БАҚ-тан көмек сұрап отыр. Бауырының денесін қайта қазып алуға жол бермеу үшін адвокат та іздейді.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасының екі есе қымбаттауына байланысты наразылық шеруі басталып, артынша ол Қазақстан Республикасының бірқатар өңірінде қолдау тапқан болатын. Бірнеше күннен кейін бейбіт шеру жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Кейін ел басшылығы Алматыға 20 мың «террорист» шабуыл жасағанын жария етті.

Қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай және лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде 225 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары