×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақстандықтар үш айда Түркиядан 507 баспана сатып алған

23.09.2021, 14:31
фото: Ашық дереккөзден

Отандастарымыз биылғы сегіз айдағы қарқынымен 2020 жылғы көрсеткішке жақындап қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Kursiv.kz мәліметінше, қазақстандықтар 2021 жылдың жазында Түркиядан 507 пәтер алып, ең белсенді сатып алушылар ондығына кірді. Қазақстан Германия және Кувейтпен қатар тізімде алтыншы орында тұр. Бұған Turk.Estate деген Түркия жылжымайтын мүлкі агрегаторының мәліметтері дәлел.

Отандастарымыз 2021 жылғы қаңтардан тамызға дейін Түркиядан 1 129 пәтер алған. Олар 2020 жылғы деңгейге жетіп қалды, сол кезде 1 171 пәтер сатып алынған болатын. 2021 жылдың жазында сауда қыза түсті: қаңтар (69 пәтер), ақпан (119), наурыз (166), сәуір (188), мамыр (80), маусым (165), шілде (166) және тамыз (176). 

2021 жылы шетелдіктер арасында Түркияның жылжымайтын мүлкін сатып алу бойынша рейтингте бірінші орында Ирак тұр. Бұл ел тұрғындары 4 631 пәтер алыпты. Екінші орынға 4 600 пәтермен Иран жайғасты. Биыл ресейліктер 2 575 пәтер иеленді. Ауғандар 1 819 жылжымайтын мүлік нысанына иелік етті. Жетінші орында Кувейт (873), сегізінші орында АҚШ (871), тоғызыншы орында Әзербайжан (858), оныншы орында Йемен (810) тұр.

Белсенді сатып алушылардың келесі ондығына Палестина, Украина, Иордания, Мысыр, Пәкістан, Ливан, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Судан тұрғындары кірді.

Серіктес жаңалықтары